Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғыны тек егіз бен үшем туған

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2022
  • 1269

Түркістан облысының тұрғыны  еліміздің демографиялық дамуына айрықша үлес қосып жүр. Сайрам ауданында тұратын Дильфуза Мырзақұлова дүниеге тек егіз бен үшем әкелген.   

Отбасының тұңғышы, егіз қыз-2009 жылы сегізінші мамырда дүниеге келген. Жас ана араға алты жыл салып, тағы 8-ші шілдеде үшем босаныпты. Онан соң  алты жылдан кейін  айы-күні жеткен Дильфуза қарашаның 8-інде Хасан мен Хусан есімді қос ұлды туған. Көпбалалы ана үш ретте де ұл-қыздарының әр айдың дәл 8-і күні жарық дүние есігін ашуы  бекер емес деп ойлайды. Әулетте  бұрын егіз де, үшем де болмапты.  32 жастағы келіншек ешқандай жасанды ұрықтандыру әдісін қолданбаған.  

Дильфуза МЫРЗАҚҰЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Қатты қобалжып кеткенмін. Ойламағанмын тағы да адам сондай екі рет егіз туады екен деп ойламағанмын негізі.  УЗИ ге барғанда да. Бірінші барғанымда екеу деп айтқан тұғын. Тағы екеу екен ғой деп жүрсем кейін тағы барғанымда «сенде екеу емес үшеу екен» дейді. Үшеу екенге сенбей  тұрсам мониторға қара сенбесең деп көрсетіп тұр.


А. Төребекқызы