Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бас Лига» - ның бесінші маусымы өтті

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2022
  • 946

Көрерменді күлкіге қарқ қылды. Алматыда «Бас Лига» КВН фестивалінің бесінші маусымы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен талантты деген қыз-жігіттер қатысты. Дарынды жастар түрлі әзіл-қалжыңмен жұрттың жүзін жадыратты. Көңілді кеш сыйлады.

Әдемі әзіл, қазақы қалжың, шынайы эмоция. Биыл бесінші жыл шымылдығын түрген ойынға көрермен көп жиналған. Жас таланттылар сыйлап келгенге де сынап келгенге де қарап жатпайды. Қарашаны күлкімен қарқ қылудың қарекетін қылуда. «Не Кипишуй» командасы да күлкі кешінің алдындағы соңғы дайындығын пысықтап алды.

Азат ЖҮСІП, «НЕ КИПИШУЙ» КВН КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

Біз 2020-жылғы чемпиондармыз. 2020 жылы барлығымызға әйгілі пандемия болды. Біз пустой залда ойнадық. Залда ешбір адам болған жоқ. Өте қиын болды бізге көрерменсіз.  Көрермендер қайтып келген кезде біз өте қуандық. Барлық жастарға КВН-ге келулеріңізді сұраймыз.


Жұрттың жүзін жадыратуды мақсат еткен жастарға «Аманат» партиясы қолдау білдірген. Нұржан Жетпісбаев пандемия басталғалы қараша әдім қалжыңнан үзіліп қалды, енді оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат еткендерін айтады.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл «Жаңа Қазақстан» концепциясының аясында жастарымызды рухани тәрбиелеуге барлық жағынан мүмкіндіктерін, біліктіліктерін әрі қарай арттыруға бағытталған тақырыптар қарастырылатын болады. Елімізді сүюге, жерімізді қастерлеуге негізгі мақсаты осы.
 

Қатысушы командалар еліміздің әр өңірінен іріктелінген. Ширек финалға оның 14-і өтті.
 
Ақылбек ДОСЖАНОВ, «BAS PRODUCTION» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

КВН бұрын оңтүстікте жақсы дамыған еді. Қазір көбінесе солтүстіктен келіп жатыр. Сосын бұрынғыдай әр университеттің атынан деген жоқ. Қазір командалар бір-бірін қай жақтан болса да тауып алып жатыр. Чемпион болған команда біздің лиганың атынан Сочиға жолдама алады.
 
Енді талантылар жартылай финалда бақ сынасады. Жеңімпаз командаға Сочи қаласына жолдама беріледі.

Ә. Лесбек