Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері 2600 жол апаты тіркелген

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2022
  • 1580

Шымкент қаласының тұрғыны жарты жыл ішінде 178 рет жол ережесін бұзған. 4 жарым миллион теңге шамасында айыппұл арқалапты. Мамандардың айтуынша, елімізде тіркелетін әрбір үшінші жол көлік оқиғасы оңтүстік мегаполисте тіркеледі. Ал жыл басталғалы елімізде 410 адам жол апатынан көз жұмған. Өкінішке қарай, олардың арасында балалар да бар. Бұл біздің жолдарда тәртіп пен мәдениеттің жоқтығын көрсетеді дейді мамандар.  

Атығай АРЫСТАНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру аясында 1,2 млн астам ереже бұзудың жолы кесілді. Ереже бұзудың 41%-ы жылдамдық асыру,  19%-ы белгілер мен таңбалар талаптарының бұзылуын құрайтынын атап өткен жөн. 74 мыңға жуық жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін тағы 56 мыңға жуық жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.


Ә. Бердібеков