Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да мектеп директоры бизнеспен айналысқаны үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2022
  • 1484

Батыс Қазақстан облысында мектеп директоры бизнеспен айналысқаны үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі. Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлімдеп отыр. Жалақысын азсынып, пайда таппақ болған мектеп басшысының үстінен іс қозғалып, сот шешімімен 428 мың теңге айыппұл салыныпты. Қоғамдық ұйым өкілдері шенеуніктердің дені заңнан хабарсыз екендігін айтады. Сондықтан осындай шалағайлыққа жиі жол береді екен. Мысалы, олар заңды белден басып, жанармай, жиһаз, компьютерлерді өз бағасынан әлдеқайда қымбатқа сатып алады. Ал бұл мемлекет қаржысын текке ысырап қылу, дейді заңгерлер. Қоғамдық ұйым өкілдерінің араласуымен қазына ақшасын орынсыз шашқан 14 шенеуніктің үстінен іс қозғалып, 4,6 млн теңге айыппұл салыныпты.

Е. Карин