Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2022
  • 632

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады. Бұл туралы Үкімет қабылдаған қаулыда көрсетілген.

Қаулыда: «Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» АҚ жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген. Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.