Русский Сайттың толық нұсқасы

800 астаналық оқушы өз жетістіктерімен бөлісті

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2022
  • 900

Бүгін елордада 800 астаналық оқушы өз жетістіктерімен бөлісті. «Ғылым – ғажайып әлем»  көрмесінде жас ғалымдар көрермен назарына таңқаларлық тәжірибелер ұсынды. Әл- Фараби атындағы оқушылар сарайының 4-ші қабаты жас ғалымдар құрастырған құлтемірлер мен химиялық тәжірибе, компьютерлік бағдарламалар алаңына айналды. Интерактивті алаң  3D-әлем, IT-аумақ, интеллектуалдық ойындар, TEDx форматындағы сөз саптау секілді 7 аумаққа бөлінген. Осылайша оқушылардың бір- бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріледі.  Ұйымдастырушылар ғылым өмірді жайлы етумен қатар экономиканы да дамытатынын айтады. Ал ғылыммен неғұрлым ертерек айналысу үлкен жаңалыққа жол ашпақ. Мысалы, мына санитарлық бекетті 10 сынып оқушысы Александр Ракотин құрастырған. Оқушы коронавирустың екпіні бәсеңдесе де өз жобасының пайдасы зор болатынына сенімді.

Александр РАКОТИН, ОҚУШЫ:

Бұл нейрожүйесі бар камера. Адам бетперде тақты ма, жоқ па соны сканерлейді. Маскасыз адамға қызыл жарық жанып, ішке өткізбейді. Ал егер ол адам қауіпті қылмыскер немесе қандай бір компанияға кіруге болмайтын адам  болса онда әкімшілікке дереу уақыты мен орны белгіленген ақпарат жіберіледі.

А. Қуаш