Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада халықаралық кітап көрмесі өтеді

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2022
  • 2589

Жыл сайын 100-ге жуық әлемнің үздік әдеби туындылары қазақ тіліне аударылады. Отандық жазушылардың да еңбектері ұдайы жарық көріп келеді. Дегенмен, кітап оқу мәдениеті ақсап тұр. «Eurasian Book Fair - 2022» жәрмеңкесін ұйымдастырған баспагерлер осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Айтуларынша, «Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру тек әдеби агенттердің ғана мәселесіне айналған. Жаңа кітаптарды насихаттау үшін сәуірдің 20-сы мен 24-і аралығында Елордада көрме ұйымдастырылмақ.

Фарида ТОБАШАЛОВА, "ФОЛИАНТ" БАСПАСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Бұл көрмеде жалпы 80-нен астам компания өтінім беріп отыр. Оның ішінде Ресейден 30-дан аса қатысады. Біздің Фолиант баспасы бойынша 7-8 кітаптың таныстырылымы өткелі отыр. Одан бөлек басқа қатысушы елдердің кітаптары таныстырылады.

А. Съезбек