Түркістан облысында балабақшаға кеткен бүлдіршін ауыр дене жарақатымен ауруханадан бір -ақ шықты. Бір жастан енді ғана асқан баланың жамбас сүйегі сынған. Бұл жағдай Отырар ауданы Шәуілдір ауылында болған. Анасының сөзінше, «Болашақ» бақшасына баратын екінші ұлын таңертеңгісін тәрбиеленушілерді тасымалдайтын жеңіл автокөлікке салып жіберген. Сағат үштерде қоңырау шалып «құлап, жарақаттанып қалды» деген. Бірақ айтқан сөздері мен баланы көргендегі жағдайы қабыспады деп отыр анасы. Тіпті жедел жәрдем шақырмаған. Оның орнына сол маңдағы емшіге жамбас сүйегі салбырап қалғанына қарамастан дем салдырыпты.
Ажар ПЕРНЕБЕК, БҮЛДІРШІННІҢ АНАСЫ:
Машинада бұның аяғы қайрылып, қыстырылып қалды дейді. Сол кезде құлап қалды дейді. Біздің ойымыз оның аяғы қыстырылған явно, еще водитель жүріп кеткен. Түсіп кетті деп ойлапты енді, көрінбей қалады ғой құлағаннан кейін. Бұл түсті деп ойлағанда жүріп кеткен, сүйреген бірәз жерге дейін. Басында үш жерден қып-қызыл гематом, ісіп кеткен. Бет аузы деген қан жоса, сырылған царипина өңкей. Аяғы сол жақ жамбасы ісіп кеткен, салбырап тұр.
Облыстық балалар ауруханасына шұғыл жатқызылған сәбиге хирургтар ота жасаған. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр екенін жеткізді. Ажар Пернебек сап-сау ұлымды осындай күйге жеткізген кінәлілерді сотқа беремін деп отыр. Ал телефон арқылы тілдескен білім бөліміндегілер бүлдіршін «құлап қалды» дегеннен танбай тұр.
Жанат МҰСАТАЕВА, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «фольсфаген опель» маркалы жеңіл автокөлігінен түсіп, өз тәрбиешісіне қарай жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Отырар аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы балабақша меңгерушісінің тәрбиешілерінің өздерінің несі жауапкершілікке тартылатын болады.
А. Төребекқызы