Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы "Жемқорлықсыз болашақ" республикалық конкурсын жариялады

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2022
  • 934

"AMANAT" партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тартуды көздеп отыр. Осыған орай   «Жемқорлықсыз болашақ» атты республикалық конкурс жариялады. Соңғы 3 жылда Төтенше жағдайлар министрлігінде 36 сыбайлас-жемқорлық фактісі тіркелген. 23  лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңесте Юрий Ильин басқаратын ведомствоның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың пікірінше, олқылықтар құқықтық кемшіліктер мен материалдық - техникалық базаның әлсіздігінен туындаған.  

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Өрт сөндірушілердің жалақысы тиісті деңгейде болуы тиіс. Материалдық-техникалық жарақтандырылуы нашар екенін білемін. Сондықтан, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біз қолдау көрсетеміз. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуда азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартқан дұрыс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері әсіресе аймақтарда байқалады. Осы ретте сіздердің  одақтастарыңыз - "AMANAT" партиясы.

Ал  Солтүстік Қазақстан облысы    Тайынша ауданына оңтүстіктен қоныс аударған азаматтарға арналған баспаналардың сапасы сын көтермейді. Былтыр 80 млн теңгеге 10  үй салынған. Партия мүшелері жауаптыларды жазаға тартуды сұрады.

Ғалым БАЙТОҚ, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:


Қабырғаларда 2 см дейін жарық бар. Ондай жағдайда адамдар қалай тұрады? Жазықтыларды тауып, жазалау керек. Аудан әкімі Руслан Анбаевты партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынамын.  

А. Съезбек

https://youtu.be/rpi1PtilknM