Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2022
  • 1849

Павлодарда «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті. Шараның мақсаты- халықпен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеудің жаңа тетіктерін меңгеру. Биылдан бастап бастауыш партия ұйымдарына  арнайы карта берілуде. Ол ұйымдардың қаржылық мәселелерін шешіп, жұмысты одан әрі жандандыруға арналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия съезінде партиялық жарнаның 20 пайызын бастауыш ұйымдардың жұмысын жүйелеуге жұмсау туралы айтқан болатын. Осы орайдағы алғашқы семинар «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалында ұйымдастырылды. Жиында  қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары және SMM мамандар дәріс оқыды.

Болатхан СУКЕР, М.ОМАРОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Біздерге карта беріп жатыр. Бастауыш партия ұйымдарының төлеген жарналарының 20 пайызы картаға жинақталады да, жобаның барысында атқарылатын қызметтерге қажетті заттар алуға мүмкіндік бар.


Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қаңтар оқиғасы және елдегі жалпы өзгерістерге талдау жүргізетін болсақ, жергілікті жерлерде жұмысты жандандыру қажеттігі аңғарылады.    Біздегі ірі 7 зауытта қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылды. Ол жерде облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары халықпен  қоғамдық қабылдау өткізеді.

Ө. Қуанар