Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік және логистика академиясында адам өлімі тіркелді

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2022
  • 1550

Алматыда 49 жастағы мұғалім көз жұмды. Сорақысы ұстаз біліктілік тестін тапсыру кезінде көз жұмған. Қайғылы оқиға қаладағы көлік және логистика академиясында болды. Ер адам сынақ сауалдарын толтырып отырып, есінен танған. Куәгерлер, жәдел-жәрдем жеткенше ажалдан арашалап қала алмағандарын айтты.

Біліктілігін арттырамын деп абайсызда ажал құшқан мұғалім, Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде істеген. 49 жастағы ер адам сынақ кезінде есінен танған. Тестілеуге бірге кірген ұстаздар оқиғаның қас-қағым сәтте болғанын айтты.

ЭЛЬМИРА:

Ол кісіге қарасам кішкене битіп, битіп қобалжып битіп не істеп отты, тапсырмасын орындап. Ой мына ағай ауырып тұрма дегенімше уже ауыра бастады. Мына жерде балалар бар студенттер, мына үлкен кісілер кеп тест тапсырып жатыр. Бір алдын-ала көмек беретін, мүсәтір спирті не давление өлшейтіні жоқ.

 
Мегаполистегі мұғалімдер жалпы білім беру жүйесіндегі осы аттестациялауға қарсы. Мұндай сынақтар адам өміріне қауіпті дейді.

Зарида РАХАТҚЫЗЫ, БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МҰҒАЛІМІ:

Қорқыту, үркіту. Кимылдатпау. Кезекшілердің дөрекі сөзі. Отырыңыздар. Тұрмаңыздар. Мұғалімдердің біліктілік тесттен өтуін алдағы уақытта алып тастауын талап етеміз.   

Қайғылы оқиғаға қатысты академия әкімшілігі жауап бермеді. Ғимаратқа кіруге де қарсы болды.

Ал ұлттық тестілеу орталығы болса, жазбаша жауаппен шектелді. Олардың дерегінше марқұм мұғалім емханада есепте тұрған.  

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК:

Ер адам гипертониялық ауруына байланысты емханада есепте тұрған. ҰБТ-ны (Ұлттық біліктілік тестілеу) ұстаздар 2018 жылдан бастап тапсырып келеді. Сондай-ақ бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді.
   
Мұғалімнің қазасына қатысты қазір сараптамалар тағайындалған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек Алмалы аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі таңда адамның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот медициналық сараптама тағайындалды.
 
Яғни тиісті балл жинай алмаған мұғалім, жұмыстан шығарылмайды. Оның біліктілік дәрежесі төмендетіледі. Бұл онсыз да мұғалімнің мардымсыз жалақысына әсер етеді дейді қоғам белсендісі
 
Меруерт ӘЙТЕНОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
 
Мұғалімдердің мойнына ілінген мынау тест 100 сұраққа жауап беру дегенді алып тастаса. Олардың біліктілігін біз портфолия арқылы көретін болсақ. Өйткені ол сұраққа жауап берген бір бөлекте. Ол мысалы 5 -10 жылда қандай жұмыс жасады, қандай ғылыми еңбектермен айналысты, қандай жаңалықтар әкелді біз содан көруміз керек қой.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Ұлттық тестілеу орталығындағылар мұндай қайғылы жағдайдың 4 жылдан бері алғаш тіркелкенін айтады. Сондай-ақ олар сынақ кезінде өзін нашар сезінгендер, тестілеу күнін өзгерте алады деді. Айта кетейік, бүгін бақилық болған мұғалімнің артында 2 баласы мен жары қалған.

Ә. Лесбек