Мемлекет басшысының өкімімен ел Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген еді. Еңбек жолын 2012 жылы республикалық телеарнадан бастаған. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Руслан Желдібай - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, кейін Ұлыбританияның Уорик университетін бітірген.
А. Съезбек