Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан доллардан бас тартпайды, - Ә.Қуантыров

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2022
  • 1034

Абай және Жетісу өңірлерінің шекарасы 1997 жылғы тарихи аумақтар шегінде айқындалатын болды. Ал Ұлытау облысының аумағы әлі талқылануда. Бұл туралы  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Министр облыстардың шекарасын бекітуде халықтың пікірі мен экономикалық-инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны ескерілгенін айтты. Жаңа облыстарды құруға қанша қаржы жұмсалатыны әлі белгісіз.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Сонымен қатар құрылатын мемлекеттік органдар үшін қажетті штат санын қалыптастыру сондай-ақ жаңадан құрылатын облыстардағы қызметтік үй жайларға қажеттілік мәселелері талданады. Жалпы алгоритмге сәйкес мемлекеттік органдар және өңірлердің негізі жұмысы осы жылғы 20-сәуірге дейін аяқталатын болады.

Әлібек Қуантыров,  Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдер өзара сауда-саттықта доллардан бас тартады ма деген сауалға да жауап берді. Айтуынша Одақ мүшелері Ресеймен саудада рубльді пайдаланғанымен басқа мемлекеттер өзара сауда айналымын доллармен жүзеге асыра береді. Сондай-ақ Қазақстан доллардан немесе әлемдегі басқа да резервтік валютадан бас тартпайтынын ашық айтты. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстарына тоқталды.   

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Сомаларға келетін болсақ, бұл қай кезең екеніне байланысты. Негізінен, бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Оларды қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз. Егер біз, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды алсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Бірақ нақты соманы айту қиын. Мүмкін, шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін.


Ә. Бердібеков