Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов қамауда қалатын болды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2022
  • 1275

Қамауда отырған Кәрім Мәсімовтың мерзімі 6-мамырға дейін ұзартылды. Оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловқа да осындай шешім шыққан. Ал, Дәулет Ерғожиннің мерзімі - 8 мамырға дейін ұзартылыпты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабар таратты. Еске сала кетейік, экс-шенеуніктер қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрыңғы төрағасы Кәрім Мәсімовке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылған еді.

Ә. Дүкембаева