Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот төрағалары нақты іс бойынша енді азаматтарды қабылдамайды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2022
  • 1494

Нақты бір сот ісі бойынша сот төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауы - заңға қайшы. Мұндай практика әлемнің ешбір елінде жоқ. Тек Қазақстанда ғана жүргізіліп келген. Енді бұған шек қойылады. Өйткені, бұл - тараптардың теңдігін сақтау қағидатына қарсы. Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов осыны жеткізді.  

Нұрсерік ШӘРІПОВ, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жоғарғы Сот пен барлық деңгейдегі соттың төрағалары жеке қабылдауды тек қана сол деңгейдегі соттың ұйымдастыру мәселесі бойынша жүзеге асыруға тиіс. Егер басқа мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдап, жаңа айтып кеттім мәселесін шешуге міндетті болса, ондай міндет мәселені нақты іс бойынша шешіп беру төрағаларға жүктелмеген.


Нұрсерік Шәріповтың сөзінше, судьялар сот залынан тыс жерде тараптармен байланыс орнатқаны үшін жиі жазаланады.   Статистикаға сүйенсек, азаматтық істер жөніндегі соттар күніне 6 мың іске акт шығарады. Азаматтар шешімнің 92 пайызына бірінші инстанцияда-ақ келісетін көрінеді. Ал 8 проценті наразылық білдіреді. Оның 1,5 пайызы Жоғарғы сотқа дейін жетеді.  

А. Съезбек