Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында балабақшаға жіберген баланы көлік басып кеткен

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2022
  • 2129

Түркістан облысында балабақшаға кеткен 1,5 жасар тәрбиеленушінің ауыр жарақат алуына оны көлік басып кетуі себеп болған. Бұл ақпаратты полиция департаментіндегілер растады.

Ермек ӨСЕРБАЕВ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Тергеп-тексеру барысында Шәуілдір ауылындағы бір балабақшаның  алдында автокөлік қағып кеткені туралы анықталды. Қазіргі таңда бұл жәйт бойынша ҚР ҚК 345 бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған жәйт бойынша сараптамалар тағайындалды. Автокөлік ақылы тұраққа қойылған.   

Еске салайық, 12-сәуір күні Отырар ауданында 1,5 жастағы баланың жамбас сүйегіне операция жасалды. Денесі мен басы сырылып, жамбасы сынған кішкентай науқас қазір анасымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. Бүлдіршіннің анасы Ажар Пернебекке тәрбиешілер, "балаңыз құлап қалды" дегеннен танбаған. Сау-тамтығы қалмаған ұлының ауыр жаралануы бекер емес деп, сол күні-ақ дабыл қаққан ананың күдігі бекер болмапты.

А. Төребекқызы