Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында соңғы екі аптада алты адамды кене шаққан

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2022
  • 1424

Қостанай облысында  соңғы екі аптада алты  адамды кене шаққан. Медициналық көмекке жүгінгендердің біреуі -жасөспірім. Қансорғыш жәндіктерден энцефалит, туляремия тәрізді жұқпалы аурулар тарауы мүмкін дейді мамандар.Сондықтан   қауіптің алдын алу мақсатында    даладан кене жинап, оларда қандай дерттің қоздырғыштары бар екенін анықтауға кірісті. Департамент өкілдері  кесел сырттан, көрші мемлекет  аумағынан ауатын кенелермен де  келуі  мүмкін деген болжам жасап отыр. Әзірге облыс көлемінен қауіпті індет ошақтары  анықталған жоқ.  Жәндік шаққан тұрғындардан да аурудың  клиникалық белгілері байқалмады дейді.   

Людмила НАЛОБИНА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Олардың барлығы диспансерлік есепке алынды. Дәрігер мамандардың бақылауында болады. Егер белгілі уақытта клиникалық белгілер болмаса есептен шығарылады. Әлгі алты адам кененің шағуынан ғана зардап шекті. Сондықтан емханаға келіп қаралған соң, үйіне жіберілді.


З. Санай