Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 млрд тг жымқырылған

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1051

Қаржылық мониторинг агенттігі биыл алғашқы үш айда 552 қылмыстық іс қозғаған.  Оның жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыс.  Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Мемлекетке 62 миллиард теңге шамасында шығын келген. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов бүгін Президентке атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Оның айтуынша,  кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалып, декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр.   7 қылмыстық іс тергелуде және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған. Сондай-ақ,   мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңгені  жымқыру фактілеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.   Президент агенттік торағасына бизнеске қатысты   қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Б. Сатуов