Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1321

Елімізде жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінім беру тәртібі қандай?  Оған кімдер іліге алады?  Толығырақ "Экономика жаңалықтарында"

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды.15 маусымға дейін  тек бекітілген квота   шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни,1 миллион тонна бидай және 300 мың тонна бидай ұны мен қара бидай ұнын ғана сыртқа шығаруға болады. Оның өзінде экспорттаушы компания шет елге сататын өнімінің 10 процентін азық-түлік корпорациясына белгіленген сомада сатуы тиіс. Жауапты ведомстваның мәліметінше,  бұған дейін экспорттық құжаттарды рәсімдеп, кеден декларациясын толтырған тауар экспорттаушылардың өнімі кедергісіз шекара асқан. Алайда бұйрық күшіне енген күннен бастап тиелген әрбір дән квота ережелері бойынша экспортталады. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты дайындап, тіркеу үшін Әділет министрлігіне жіберген.

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық аймақ арасындағы тауар айналым 3,8 миллиард АҚШ долларға жетті.  Бұл өткен жылмен  салыстырғанда 22,8 процентке көп. Алыс-беріс кезінде Қазақстанның экспорттық әлеуеті айтарлықтай артқан. Мәселен, екі айда еліміз одаққа мүше мемлекеттерге 1,2 миллиард АҚШ долларына тауар сатқан. Экспортталған заттың басым бөлігі- алюминий оксидтері, гидроксидтер, өңделмеген мырыш, ферроқорытпа. Ал бұл елдерден 2,6 миллиард долларға тауар импортталған. Бұл тізімде бидай, мұнай өнімдері, күнбағыс тұқымы бар.

Елімізде жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдаудың онлайн платформасы іске қосылды. "Отбасы банк" мәліметінше, қазірдің өзінде 17 мың өтініш қабылданған.

Сәуірдің ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алуы қажет. Оны otbasybank.kz порталында "Жалға алу ақысын субсидиялау" бөлімінде жасау керек. Банк жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады. Олар 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен көпбалалы отбасылар. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50 пайызын алады. Қысқа мерзімде, кезексіз өтінім беру үшін бүкіл процес онлайн режимде жүзеге асырылады.

Ләззат ИБРАГИМОВА, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

2022 жылы азаматтарымызды қолдауға 50 миллиард теңге қарастырылған. Оның 40 миллиард теңгесін республикалық бюджеттен алу көзделсе, 10 миллиард теңгесін жергілікті әкімдіктер бөледі. Бюджеттен қаржыландыру мамыр айында күтіледі.

Б. Сатуов