Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1469

Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, демографиялық өсім жағынан Шымкент Қазақстанда алдыңғы орында тұр. Медицина мамандарының айтуынша, үшінші мегаполисте күніне орта есеппен 120 сәби туылады. Яғни, әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады деген сөз.  Ал биыл  жыл  басынан бері  100 егіз өмірге келген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 20 балаға көп.

А. Төребекқызы