Елордада «AMANAT» партиясы жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күні аясында Open Air форматында мерекелік концерт өтті. Шарада отандық эстрада жұлдыздары мен талантты жастар өнер көрсетіп, арнайы ұтыс ойындары ұйымдастырылды. "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күні-ұлттық ғашықтар күні қазақ эпосының кейіпкерлерінің ұлы махаббатына арналған. Бұл елімізде он жылдан астам уақыттан бері аталып өтіліп келеді.
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ауылдарда, қалаларда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне арналған жаңа форматта, жаңа жастардың жобасы аясында "Amanat" партиясының жастар қанатынан жаңаша серпіліс ретінде өткізіліп жатқан шаралардың легінің аяқталуы.Мынау елордамызда- Астана қаласында бүгін осындай тамаша ашық аспан астында, пандемиядан кейінгі ең бір сондай алғашқылардың бірі болып, оффлайн түрде өткізіп жатырмыз.
Б. Сатуов