Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық тұрғын автобусты қиратты

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1205

Елорда тұрғыны  автобустың терезелерін сындырып, тас-талқанын шығарды. Қоғамдық көлікте қиғылық салған азаматтың әрекеті автобус ішіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жолаушы алғашқыда  автобустың алдыңғы жағында отырған. Содан кейін аяқ астынан қауіпсіздік балғасын жұлып алып, терезелерді сындыра бастаған. Видеодан есікті теуіп жатқаны да анық көрінеді.  Тәртіп бұзушының әрекетінен зардап шеккендер жоқ.  Жолаушылардың зәресін алған адамға  қатысты тексеру жүріп жатыр.  Ал бір автобустың уақытша істен шығуына байланысты елордалықтардың осы бағытта қоғамдық көлікті күту уақыты ұзарады дейді құзырлылар. 

Ә. Бердібеков