Бес адамды өлтірді деп айыпталған «Ақбұлақтық атқыш» Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сот отырысында прокурор оның кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Туған-туыстарымен кездесуіне тиым салуды ұсынды.
Әлішер МЫРЗАХАНОВ, АЛМАТЫ қ. ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Дужнов «кісі өлтіру» және «билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр. Ол өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын.
Прокурордың сөзін марқұмдардың жақындары да қолдайды. Естеріңізге салайық, дүйім елді дүрліктірген оқиға былтыр қыркүйек айында болды. 54 жастағы азамат үйін босатуды талап етіп келген 5 адамды атып, жазым етеді. Олар -полиция қызметкерлері мен сот орындаушылар. Сондай-ақ үйдің жаңа иесі де бар.
Сәуле ЖҰМАНИЯЗОВА, ҚАЙТЫС БОЛҒАН СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛІ:
Сотталушының әйелі Демирчян Анаид пен оның қызын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймын. Олар қылмыстың болғанын барынша жасыруға тырысты. Алғашқы тергеу кезінде басқаша түсініктеме берді.
Ә. Лесбек