Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында күре жолдың бойынан шақалақ табылды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2022
  • 2157

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық автодәлізінің Қызылорда облысы  тұсында жаңа туған шақалақ табылды. Бүгін полицейлерге осындай хабарлама түскен. Тексере келе,  құқық қорғаушыларға нәрестенің анасының өзі қоңырау шалғаны анықталды. Алғашында ол баладан бас тартпақ болғанымен, кейін ойынан айныған.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда кент тұрғыны босанған қызы екеуі Қазалы аудандық перзентханасында ем қабылдауда. Қылмыстық іс тоқтату сатысында.

Бүгін  Қостанайда да  көшеден пакетке салынған шақалақтың денесі табылды. Оны 37 жастағы қала тұрғыны байқаған.  Қазір тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

М. Тоқтасынқызы