Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шықты

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2022
  • 2613

Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шықты. Шатырдан шыққан өрт, шырт ұйқыда жатқан жұрттың зәре құтын қашырды. Бас сауғалаған тұрғындар түнделетіп далаға қашып шыққан.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер, 150-дай адамды эвакуациялаған, оның 60-тан астамы бала. Олар тілсіз жаумен 4 сағаттай күресіп, әзер бетін қайтарған. Шатырдың 720 шаршы метр аумағы түгелімен жанып кеткен. Абырой болғанда адамдар дін аман. Төтенше жағдай мамандары пәтерлерге зақым келген жоқ деп отыр. Қазір облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден шыққанын анықтауға кірісті.  Ал әкімдік шығын көлемін есептемек.

Ермек МОМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Таңғы сағат 5 шамасында өрт толығымен сөндірілді. Сол кезде көбісі қайтадан пәтерлеріне барды. Өрт орнында анықтау тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр полиция департаментімен бірлесіп, қазіргі таңда. Енді бұл жерде шамамен электр сымының қысқа тұйықталуы болуы да мүмкін.

Олжас КӨКЕЙ, САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыстар тиісті деңгейде толық атқарылды. Енді бүгінгі таңда төтенше жағдайды жариялап, осы үйдің жөнделуіне және де мынау там төбесін жауып беруіне іс-әрекеттер дайындалуда.

Б. Жұмабайұлы