Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көпбалалы аналарға арналған семинар өтті

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2022
  • 1955

Павлодарда көпбалалы аналарға арналған семинар өтті. Шараның мақсаты аналардың тұрмыс жағдайын жақсартып, оларға мемлекет тарапынан жасалынатын қаржылай қолдаулар туралы ақпарат беру. Семинарға аймақтағы кәсіп бастауға ниетті аналар, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты. Шара «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Тренингте «Адал жүрек» жобасының жетекшісі Айдын Ізбасар бизнес бастаудың қыр-сырымен бөлісті.

Гүлжанат ТУКИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Біздің көпбалалы аналардың үй жағдайын тігін курсын көп ата-аналар біле бермейді. Осы жобаны ауданға барғанда осы презентацияны көпбалалы аналарға іске асыруға осы жұмысты бастауға көмектесем.

Бизнес бастаған аналардың бірі - Бұлбұл Матай. Ол 2019 жылы Моңғолиядан атамекенге қоныс аударған. Қазір Павлодар ауданына қарасты Заря ауылында тұрады. 5 баланың анасы. Жақында ғана «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант алып, тігін шеберханасын ашқан. Тігніші қол өнер бұйымдарын жасаумен айналысады.

Бұлбұл МАТАЙ, ТІГІНШІ:

Қазіргі таңда осы іспен айналысып жатырмын. Бойымызға дарығандықтан, бұны сыртқа шығарып отырмыз ғой. Қазіргі таңда төр көрпелер, киім тігу, көйлек сондай заттармен айналысып жатырмын күнделікті.

Ө. Қуанар