Қызылжарда сотталушы есірткіні жұтып, колонияға алып кірмекші болған. Қостанайда ұрлық жасап, қолға түскен азамат соттың шешімімен Петропавлдағы 164/3 колониясына жіберілген көрінеді. Түзету мекемесінің күзетшілері ішке кіргізер кезде 24 жасар сотталушыны тексеріп жатып, тоқ ішегінен кішкентай пакетке оралған марихуана тапты. Бес жылға сотталған ол заңсыз әрекеті үшін енді тағы қосымша жаза арқаламақ. Бірер апта бұрын да өзге облыстан ауысып келген 5 сотталушының асқазанынан 6 телефон табылған еді. Мекеме қызметкерлері оны рентген арқылы байқаған.
Рустам АХМЕТЖАНОВ, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
ҚР ҚК 296 -бабы екінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткіні өткізбекші болған жігіт 500 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш берсе, сот оның осы құйтырқы әрекетін ескеріп, өтінішін қабылдамай қоюы мүмкін.
А. Құрманкин