Елорданың ерекше балалары үшін бүгін кинотеатрда көңілді демалыс ұйымдастырылды. Бастамаға «AMANAT» партиясының жастар қанаты мұрындық болды. Олар мүмкіндігі шектеулі 50-шықты баланы мультфильм көруге шақырды. Ерекше көрермендер мен олардың жақындары үшін арнайы кинозал бөлінген. Белсенді жастардың сөзінше, мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Басты мақсат – балалардың көңілін көтеріп, қоғамға бейімделуіне көмектесу. Айта кетейік, партия ерекше балаларды, мүгедектерді үнемі қолдап, оларға қолжетімді орта құру үшін «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді.
Несіпкүл КЕРІМОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Осындай орталықтарға, кинотеатрларға, концерттерге бізді шақырып тұрады. Біз үзбей қатысуға тырысамыз. Даже өзінің ана кіші сіңілісі сұранып келіп, қатысуға тырысады бірге. Балаларға өте қатты ұнайды.
Арсланбек МАҒЗҰМ, «AMANAT» ЖАСТАР ҚАНАТЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бізде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Біз оларға түскен өтініштерді аламыз. Мұның бәрі орталықтандырылған. Баласы мультфильм көргісі келетін кез-келген ата-ана осы акцияға қатыса алады.
А. Съезбек