Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйда студенттердің жаппай астан ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2022
  • 1661

Рудныйда студенттердің жаппай астан ұшынуына қатысты  қылмыстық іс қозғалды.Колледж асханасын жалға алған кәсіпкер қызметі тексеріліп жатыр. Ал  балалардың   жағдайы қалай? Ол туралы   Заңғар Санай айтады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Колледж асханасы жеке корпуста орналасқан. Қазір жабық тұр. Оның қашан ашылатыны белгісіз. Дәл осында  кеше жүз отыздан астам  шәкірт тамақ ішкен. Түстен кейін соның тең жартысы өзін нашар сезіне бастаған көрінеді.

Қайсар ҚАНЕШОВ, РУДНЫЙ ТАУ-КЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Тамақ ішкен кезде балалар тамақ жақсы деген, ішкен. Жанындағы қарап жүрген педагогтар да тамақтар барлығы жақсы болды дейді.Біз мұндай жағдай болады деп күткен жоқпыз.Сол ішіп болғаннан кейін бір-екі үш сағаттан кейін ауыра бастаған алғашқы балалар.Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.Соның шешімі  бойынша біз енді білеміз қалай болғанын, неден болғанын?


Қалалық ауруханаға 19 студент жеткізілген. Дәрігерге қаралған соң бесеуі үйіне жіберіліпті. Қалғаны 5 күн ем-дом алады.  Оларға  «өткір гастроэнтерит» диагнозы қойылған.  

Еркежан САДЫҚОВА, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕДИАТР- ДӘРІГЕРІ:


Түскен кезде балалар да құсу болды. Іш өту болды және де температуралары жоғарлады.Көрсеткіштеріне байланысты асқазан шаю жүргізілді. Керек жағдайда балаларға капельницалар  қойылды.Және барлық балалар толық көлемде  антибиотиктер алып жатыр.


Студенттерді ыстық тамақпен жеке кәсіпкер қамтамасыз етеді.  Сәуле Шұғыбаеваның  асхананы жалға алып, жұмыс бастағанына   әлі бір ай да болмапты.  

Сәуле ШҰҒЫБАЕВА, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Азық-түлікті күн сайын әкелеміз. Бұзылып кетуі мүмкін емес. Тікелей дүкеннен аламыз.

 
Балалардың жаппай астан ұшынуына қатысты полиция  қылмыстық іс қозғаған. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы колледж асханасын  жоспардан тыс тексеруге кірісті. Мамандар азық-түлік өнімінің, судың, шайындылардың сынамаларын алып, зертханалық зерттеу жүргізеді. Асханада жұмыс істеген адамдар да жіті тексеріледі.
 
З. Санай