Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтар маса улауға бөлінген ақшаның мардымсыз екеніне өкпелі

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2022
  • 1233

Оралда шыбын-шіркейді улау жұмыстары басталды. Биыл мердігерлер шыбын-шіркейді улауға бөлінген 93 миллион теңгені 13 мың гектар аумаққа жеткізуі тиіс. Бұл жұмыс өңірде екі кезеңмен жүргізіледі. Бірақ мердігерлер осы ақшаның тең жарымын дәрі-дәрмекке жұмсайтынын айтады, әрі өзге облыстармен салыстырғанда бөлінген қаржы әлдеқайда аз дейді.

Данияр БАЗАРБАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Павлодарда тек қана бір Ертіс және онда бөлінген ақша жылына 500 миллионға жуық. Астананың өзінде бір жылға -700 миллион. Гектарға шаққанда өңдеу жұмысы 2016-жылдан бері келе жатқан баға. Яғни, бүкіл Қазақстан бойынша ең қиын рельеф пен және ең арзан біздің өңірімізде болып табылады.


Шыбын-шіркейді улау қаншалықты тиімді болғанын енді биылдан бастап қоғамдық кеңес мүшелері бақылайды. Егер олардың көңілі толмаса, мердігер бұл жұмысты өз есебінен қайта жүргізеді. Талап бойынша қолданылатын препараттар үш жыл сайын ауыстырылуы тиіс. Әйтпесе улы химикатқа маса да үйреніп кететін көрінеді.

Арсен ЖАСТАЛАП, БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

2021 жылы бюджеттік өтінім жолданып, ақша қарастырылды, жеткілікті деңгейде деп есептелінді. Мердігер алдағы 3 жылға келісімшарт жасалғаннан кейін мердігер өзінің препаратын, жаңағы жанар-жағармай, өзінің жағдайын алдын-ала болжап, қарастырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.

Е. Карин