Алматылық танымал кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Қалалық прокуратура қазір оның уақытша ұстау изоляторында отырғанын хабарлады. Қайрат Құдайбергенге қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған және қатысқан деген айып тағылған. Тергеу тобы бұлтартпас дәлел ретінде бірнеше айғақты ұсынған.
Бауыржан ТҮЛЕНДИЕВ, АЛМАТЫ қ. ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Алдын ала тергеумен Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған. Сонымен қатар адамдарды топқа бөліп олардың белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды тағуға нұсқау бергені анықталды. Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.
Ә. Лесбек