Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол ережесін бұзғандарды енді арнайы автокөліктер анықтайды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2022
  • 1319

Елордалық полицейлер  «Дозор М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық жүйені іске қосты.  Қала көшелеріндегі заң бұзушылықты енді полицейлермен қатар арнайы автокөліктер де қадағалайды.  Әзірге жобаны тәжірибе жүзінде сынау мақсатында Астананың көлік тұрағы кеңестігі мекемесінен екі автокөлік алынған. Олар автоматты режимде жол бойында көлікті рұқсат етілмеген жерге қалдыру немесе тоқтау деректерін анықтайды. Биыл үш айда   жол бойында 10 мыңнан аса заң бұзушылық тіркелген.  Сондықтан құзырлылар  осындай жаңашылдық енгізуге тура келді дейді.  Жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі белгілерді елемей, талаптарды бұзғаны үшін жүргізушілерге айыппұл онлайн рәсімделеді. Бұл  сыбайластық тәуекелдерін төмендетеді дейді полицейлер.

Бауыржан ТОҚЖҰМАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Аялдамаға тоқтағаны үшін, жолдың кіре беріс кармашектарына тоқтағаны үшін рәсімделеді. Жолдың бойына 1,2 қатарға қойылғаны үшін және жаяу жүргіншілерге арналған орынға қойғаны үшін осы құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылады.


Ә. Бердібеков