Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрмысы төмен, толық емес отбасылар партияның назарында

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2022
  • 1267

«AMANAT»-тың 22-съезінде партия мүшелері ұйым жарналарының 20%-ын бастауыш партияларға қайтаруды ұсынды. Бұл  бастамаға партия төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріп,  партиялық жарнаның  бір бөлігі сәуір айынан  бастап бастауыш партия ұйымдарына беріле бастады. Кейбір өңірлерде сол қаражат басқа мақсатқа жұмсалып,түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.  
 
Партиялықтардың  бастамасы көпшіліктің көңіл-күйін көтерді. Өйткені, бастауыш партия ұйымдарына қайтарылған жарна негізінде  көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бір серпіліп қалды. Мәселен, Жамбыл ауданының «Ұзынағаш» ауылында 5 жанұяға  азық-түлік себеті берілді.

Ықылас АМАЛБЕК, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ:

Партия төрағасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың осы айдан бастап, бізде партия мүшелерінің төлеген жарнаның 20 пайызы жергілікті бастауыш партия ұйымдарына қайтып жатыр. Міне сол қаражатқа бүгінде біз ешқандай демеушілердің көмегінсіз партиялық жобаларды жүзеге асырудамыз.

Партиялықтар мұндай шараны ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Өзге өңірлер де жарнаның жақсылығын көруде.    Қызылжарда “Денсаулық” бастауыш партия ұйымы балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. “Тең мүмкіндіктер әлемі” атты сайыста нөмірі екінші мектеп-интернаттың оқушылары бақ сынады, дейді мамандар.

Дина ӘШІМОВА, “ДЕНСАУЛЫҚ” БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұрын осы сынды шараларды ұйымдастыру үшін қосымша қаражат іздеуге тура келетін. Енді осындай бастаманың арқасында біз ақшаны ұйымның қажеттіліктеріне жұмсай аламыз. Алдағы уақытта кеңсені, имидждік партия өнімін жаңартуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бізде партия ардагерлері бар, қайтарымды қаражатқа оларға құрмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарда бар.

Мұндай тәжірибенің іске асуы ата-ана қамқорлығынсыз қалған ақтөбелік Айбек Сұлтановтың да жүгін жеңілдетті. Онкологиялық дертке шалдыққан    Айбекке бастауыш партия ұйымы қолдау көрсетті. Баланың елордада ем қабылдауы үшін жол шығын өтеп берді. Айта кетейік, бұндай игілікті  істер әр өңірде жүзеге асырылуда.

Л. Қуанышқызы