Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2022
  • 1808

Елдің барлық өңірінде AMANAT партиясының саяси кеңестерінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі 26 сәуір күні өтетін болып белгіленді. Іс-шара барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселені қарау жоспарлануда.

А. Съезбек