Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «1941. Брест қамалы. Қазақстан» атты тарихи зерттеу кітабының тұсауы кесілді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2016
  • 3343

Ұлы Отан соғысы кезінде Брест қамалын қорғауға 556 қазақстандық қатысқан. Бүгін осындай тың ақпараттар енгізілген «1941. Брест қамалы. Қазақстан» атты тарихи зерттеу кітабының тұсауы кесілді. Жаңа туынды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауға қарсы алғаш тойтарыс жасаған әйгілі орын жайында сыр шертеді.

Туынды авторы - тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйлә Ахметова. Зерттеуді жазуда Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Ресей, Польша және Германияның мұрағат қорлары пайдаланылған. Ең бастысы - Брест қамалын қорғауда қазақ жауынгерлерінің ерлігі ерекше болғаны дәлелденген. Кітапта тойтарысқа қатысқан 556 отандасымыздың есімдері және жерленген жерлері нақты көрсетіліпті. Туындының жарық көруіне тұңғыш президент қоры тікелей қаржылық қолдау танытқан. Кітаптың тұсаукесері Минск қаласында да өтікізілмек.

Ләйлә Ахметова, кітап авторы:

Кітапты шамамен 48 жыл жаздым. Мол ақпараттар жиналды. Негізінен Брест қамалын қорғаған Қазақстан азаматтары жайлы. Сондай-ақ, Брест қаласының маңында соғысқа қатысқандар да бар. Мен сол майдан шебіне болған 556 жауынгердің тізімін анықтадым. Оның тең жартысы - қазақтар. Енді Берст мұражайына олар туралы ақпараттарды апарып, аттарын қорғау қажет. Себебі ортақ тарихта біздің батырлардың есемдері өте аз айтылып жатады.