Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің өтініші іс жүргізуге қабылданды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2022
  • 1160

Конституциялық Кеңес, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін қабылдады. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын, Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтініш жасаған. Бұл туралы Конституциялық кеңес хабарлады. Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.