Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық оң бағалайды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2022
  • 1159

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық оң бағалайды. Әсіресе Президент өкілеттік мерзімін қысқарту, адам құқықтарын сақтау туралы бастамалар, дұрыс шешім дейді.

БЛИЦ:

ҚОСТАНАЙ:

- Суперпрезиденттік формасынан президенттік формасына көшу. яғни мұнда демократиялық жағдайынан қарайтын болсақ халықтың әлеуеті артады. Президенттің туыстары, жақындары мемлекеттік салада квазимемлекеттік саладағы лауазымдарға жұмысқа отыра алмайды. Бұл бір жағынан өте дұрыс деп есептейміз.

- Өзгерістер біздің  елімізге үлкен мүмкіндіктер беретін сияқты. Тек ғана жастарды ғана емес ары қарай дамуға, экономикасы мықты басқа Азиядағы Жапония, Сингапур секілді дамып өркендей берсе деген ниетте.


ПЕТРОПАВЛ:

- Қасым Жомарт Тоқаев өзінің өкілеттігі туралы айтып өткенде. Парламентке бөлісеміз дегеніне шын ризамыз. Басқарушылар бір-біріне қоян-қолтық келіп, ақылымен бөлісіп, халықтың жағдайын өзгертеміз десе, біз оған мыңда мың келісеміз.

- Өкілеттігін беріп жатыр. Ол дұрыс деп есептеймін. Өзі жалғыз шешім қабылдамайды. Парламент халықтың өкілі ғой. Парламент бірге қабылдайды. Ауыртпалығын бірге мойындайды сосын түбінде.


ҚЫЗЫЛОРДА:

- Жаңа Конституцияны енгізу ол үлкен бастама. Адамдардың бостандығын нығайтып, Қазақстанның дамуына үлкен бір әсерін тигізеді деп ойлаймын. Осыдан кейін Қазақстан көркейіп, жоғарыда тұрған елдердің қатарына кіреді деп ойлаймын.

- Президенттің көп отырмауы ол жақсы нәрсе деп ойлаймын.  Мысалы, Америка президенті Вашингтон айтқан ғой мен ұзақ отырсам, менен кейінгілер де ұзақ отырады деп. Династия болып қалып қояды. Сол нәрсені құртқан секілді Тоқаев. Сол үшін жастар қуанышты.