Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының белсенділері жалпы қалалық сенбілікке қатысты

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2022
  • 1102

«AMANAT» партиясының мүшелері «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Қолдарына күрек ұстаған белсенділер Қайым Мұхамедханов көшесіне жас көшеттер отырғызды.  

Гүлсім ЖИЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біз қаламыздың жап- жасыл, таза болғанын қалаймыз. Осы сұлулық тұрғындардың көз қуанышына айналса дейміз. Біз астанамызды көгалдандыруға айтарлықтай үлес қостық.

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Барлығымыз сенбілікке жақсы көңіл күймен шықтық. Ағаш отырғызып қана қоймай құстарға ұя жасадық. Бұның бәрі партияның «Тазалайық» жобасының аясында өтіп жатыр.

А. Қуаш