Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақбұлақта 5 адамды жайратып салған Игорь Дужновқа сот үкім кесті

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2022
  • 1740

5 адамды жайратып салды деп айыпталған алматылық Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот, бүгін аты шулы іске нүкте қойды. Сондай-ақ сот, айыпталушыны зардап шегушілерге моральдық және материалдық шығын төлеуге міндеттеді.

Еркін МАЙШЫНОВ, АЛМАТЫ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген адамдар мен азаматтық тұлғалар құрбан болды. Ал Дужнов өз ісіне өкінген жоқ. Сот Дужновтың жеке басын және ісінің қоғамға қауіпті екенін ескере отырып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемелерінде өтеуге үкім етті.


Естерізге салсақ, қанды оқиға өткен жылдың қыркүйек айында Ақбұлақ ықшамауданында болған еді. Игорь Дужнов өзін үйден шығаруға келген сот орындаушысын, екі полиция қызметкері және баспананың жаңа қожайыны мен оның досын аңшы мылтығымен атып салды. Оған «кісі өлтіру», «билік өкіліне шабуыл жасау», «оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» және «басқа мемлекеттің аумағында қарулы қақтығ ысқа немесе соғыс қимылдарына қатысу» секілді айыптар тағылды.

Ә. Лесбек