Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда сапасыз тауарлардың басым бөлігі еуразиялық экономикалық одақтан келгені анықталды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2022
  • 1318

Солтүстік Қазақстан облысына келетін сапасыз тауарлардың басым бөлігі еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгені анықталды. Бұл жайында санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілдері хабарлады. Сала мамандары жыл басынан бастап кірген тауарлардың мыңға жуық сараптамасын алып, тексеріс жүргізген. Сөйтіп, оның әрбір бесіншісінен кемшіліктер тапқан. Көбінесе тауардың жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. Демек, сауда сөрелеріне бүлінген тауар шығарылуы мүмкін, дейді олар. Сондай-ақ, кейбір азық-түліктің құрамындағы заттар шындыққа жанаспапты. Осындай шикіліктер көбінесе ресейлік тауарлардан анықталып отыр. Отандық тауарлар арасында да сапасызы ара-тұра кездесіпті.  

Данияр ОСПАНОВ, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Үш ұн диірменінен біз сапа сертификатын қайтарып алдық. Себебі, ұнның сапасы нашар болған. Ал импортталған тауарлардың арасында еттің сапасы талапқа  сәйкес келмеді. Яғни, шетелдік кәсіпкерлер  өзге жануардың етін қолданған. Біз сараптама қорытындысын жауапты министрлікке жолдадық.


А. Құрманкин