Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында нөсер жауыннан 500-ге жуық мал қырылып, 2 үй жарамсыз боп қалды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2022
  • 1243

Түркістан облысында  жауған нөсерден кейін Қазығұрт ауданындағы екі үй жарамсыз күйге түскен. Қырықтан астам қора-қопсы құлаған. 475 мал арам қатты.   

Гүлсім Пошанованың баспанасының қос қабырғасы құлап, бар дүние-мүлкі үйіндінің астында қалған. Тек ұлым екеуміздің аман шыққанымызға шүкіршілік етеміз дейді.  Көпбалалы отбасы қазір   туыстарының үйінде тұрып жатқан көрінеді. Осы ауылда тағы бір үй жарамсыз боп қалған. Оның жертөлесіне су толыпты. Үй иесі әкімдіктен  баспана салып беруді сұрап отыр.

Бақытгүл МЫРЗАБЕКОВА, ЗАҢҒАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су шылқылдап фундаментке дейін жетті. Содан жібіп астындағы фундамент астындағы қолмен өрілген қыш қой, сол трещина беріп, мына үй құлайын деп тұр, құламақшы. Енді есіктері былай қисайып, есіктер бір-біріне симай жатыр.
 
Қырдан ағып келген қызыл судан Заңғар ауылына айтарлықтай шығын келген. Екі жүзден астам мал өлген. Ауылдық округ әкімі   зардап шеккендердің қауіпсіз жерге көшірілгенін жеткізді. Қазір шығын есептеліп жатыр.

Мақсат ЗАИТОВ, ҚАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдың белсенді жастарымен, ауыл тұрғындарымен қазіргі үйіндегі суда қалып кеткен заттардың бәрін шығарып, арнайы үй басқа үй тауып, көшіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Арнайы жұмысшы топ құрылып, акт түзіп, үйге қандай зиян шығындар келтірілді, солардың бәрін тізімімен анықтап, біз ауданға ұсыныс беріп жатырмыз.

А. Төребекқызы