Русский Сайттың толық нұсқасы

Қадір түнінің салмағы мың айдан да қайырлы

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2022
  • 1041

Бүгін -Қадір түні. Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Биыл ол 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр. Дін өкілдері бұл түнді мейлінше құлшылықпен, ұйқысыз, дұға жасап өткізуге кеңес береді. Мешітке барып, киелі түнді жамағатпен бірге қарсы алудың да өз нығметтері бар.

Тамерлан ДАРХАН, "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНІҢ НАИБ-ИМАМЫ:

Аурудың себебінен біздің мешіттеріміз жабық тұрды қадыр түнінде, енді осы жылы Құдайға шүкір мешітіміз ашылып тұр. Дайындық әрине жүргізіліп жатыр, арнайы бағдарламаларымыз бар, уағыздар айтылады, насихаттар айтылады. Бұл ай мың айдан хайырлы, бұл түні періштелер түсіріледі. Бұл түні дұғалар қабыл болады. Бұл түні адам баласының тағдыры бір жылға бекітіледі екен.

Кейбіреулер қасиетті түнді имандылық үйінде өткізсе, енді бірі  отбасымен бірге үйінде құлшылық  жасайды. Он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы  Алладан тілек тілейді.  

БЛИЦ:

- Қадір түні үйде дұға тілек тілейміз. Ата-анамызбен, жолдасыммен, ораза тұтқан адамдармен бірге отырып Құдайдан дұға тілейміз.

- Қадір түні бүгін барынша үйде, өзім білген ғибадат пен құлшылықпен өткіземін.


Ә. Дүкембаева