Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік журналиске қатысты шешім қабылданбақ

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2022
  • 1448

Қазақстанға қатысты мәлімдемесі резонанс тудырған ресейлік журналист Тигран Кеосаянға, біздің шекараға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Мұны Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты. Кеосаян екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты озбырлық мәтіндегі мәлімдемесін әлеуметтік желілер арқылы жариялаған болатын. Дөрекі әрі қорқыту мағынасында айтылған әр сөзі желі қолданушыларының ашуын тудырды. Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын бұзады деп санайды

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

"Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның дөрекі және объективті емес пікірі назар аудартады. Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси ұйымның көзқарастарын білдіретін болар. Бірақ екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге еш сәйкес келмейді. Ол енді Қазақстанға кіруге тыйым салынатын адамдар тізіміне енгізіледі деп ойлаймын.

Ә. Бердібеков