Русский Сайттың толық нұсқасы

"Билік либералды-демократиялық бағытқа қарай бұрылып жатыр", - Б.Серікбаев

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2022
  • 2393

Билік либералды-демократиялық бағытқа қарай бұрылып жатыр. Оның айқын көрінісі Президенттің өзгерісті өзінен бастауы. Саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың пікірі осы. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ішінде Мемлекет басшысының жақын туыстары министр, вице-министр, облыс әкімі және ұлттық компанияларда басшылық қызметтерді атқара алмайтыны айтылып жүр.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Өздеріңіз білесіздер партия төрағалығынан кетті. Барлық облыс қала аудан әкімдері олардың орынбасарлары яғни партияның филиалдарының төрағалықтарында болмайды. Бұл өз кезегінде партиялар арасындағы барлығына тиімді мүмкіндік береді. Бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Яғни Президент өзгерісті өзінен бастады десек болады.

Сондай-ақ, Заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев Президенттің ұсынысындағы сайлау жүйесіне қатысты ойымен бөлісті.  Профессор бұл шешімді оң қабылдап, қолдап отыр. Халық үшін тиімді ұсыныс болады дейді. Сайлауда сайлаушылар өзі қалаған үміткеріне дауыс беріп, уәдесін орындамаған жағдайда алып тастауға құқылы болмақ.

Марат СӘРСЕМБАЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:


Президенттің айтқан сөзінде мына қазіргі, біздің жүйемізде пропорционалды жүйе жұмыс істеп жатыр. Бірақ кезінде бұл дұрыс болған шығар. Осылай шешілген деп ойлаймын да өйткені мына халықтың көбі партияда емес. Сол себепті партияда емес адамдар кәдімгі өзі тікелей өзі ұнаған кандидаттарына дауыс бере алады.


Ә. Дүкембаева