Үкімет 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын бекітті. Оны бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов таныстырды. Бағдарлама аясында 2 миллионға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, шамамен 3 миллион халықтың табысы ұлғаяды. Жалақысы көтерілетіндер қатарында мектеп күзетшілері, еден жуушылар мен БАҚ өкілдері бар. Келесі жылдан бастап аталған санаттағы жұмысшылардың жалақысына ақша қосылады. Оның сөзінше бағдарлама Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстанды" құру туралы идеясын жүзеге асырып, елдің әл-ауқатын, кірістерін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге жаңа бағдарламада басымдық берілген.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы оған қазір 18 млрд. қарастырылды осы жоба бойынша. Бұрын ақшаны азаматтарға оқытуға беретін болсақ. Қазір ақшаны жұмыс берушілердің өзіне береміз. Олар ертең болашақта сол келген азаматты практикасы біткеннен кейін міндетті түрде сол жерге жұмысқа алып қалуға міндеттеме алатын болады. Ол бір жағынан жұмыс берушілеоге де көмек болады. Жаңадан түскен балаға да ол мүмкіндік болады ғой деп ойлаймыз.
Ә. Бердібеков