Азаматтық қоғамның үміті ақталды. Олар Қазақстан Халық ассамблеясының бүгінгі сессиясынан нақты реформалар күткен еді. Бұл – саяси трансформация тұсында бой көтеруге тиіс заңды құбылыс. Өйткені, ұйым - ел бірлігіне жауап беретін басты институт. Ассамблеяның XXXI сессиясына жиналған азаматтардың пікірі осыған саяды.
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мысалы, Қордайда болсын, Жаңаөзенде болсын, кешегі қаңтар болсын. Ол тек қана қазақ халқының басындағы емес, жалпы Қазақстанда болып жатқан. Біз ұсақтықты емес, тұтастықты ойлайтын болсақ, сол азаматтардың бәрі соған етене араласуға тиісті. Ол Қазақстан Халқы ассамблеясы деген қазақ халқынан бөлек емес, ол бірге. Бұның да өміршең болуына жаңа-жаңа бастамалар, жаңа талаптар бар. Сол санаттардан өтуіміз керек, қаймықпай бірге жұмыс істеуіміз керек. Міне осы мәселені азаматтар қолға алу керек.
«Ұйғыр» этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Ершат Асматовтың ойынша, ассамблеяның бұл жолғы сессиясы бұрынғыдан өзгеше. Бірлік пен келісімнің сипаты тек ән мен би де емес. Елжанды азаматтардың ой бөлісіп, келелі шешім шығаратын шаңырағы – ассамблея болуы керек, -дейді ол.
Ершат АСМАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Маған ұнағаны - көрдіңіз міне шеттен сұрақтар қойылып жатыр. Талқылауға түсіп жатыр. Бұл жеткіліксіз. Болашақта одан да бір дискуссиямен, кәдімгідей пікір-таласпен осы сессиялар өтеді деп ойлаймын. Мереке сияқты би билеп, тойлап қана емес, бұл кәдімгі осы ассамблеяның егеменді Қазақстан елімізге бір пайдасы келетіндей пікірлерді талқылап, шешімдерді қабылдайтын сессиялар болуына мен тілектеспін.
А. Съезбек