Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарты миллиард теңгені жымқырғаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2022
  • 1727

«Аграрлық несиелік корпорацияның» Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек, 626 миллион теңгені жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды. Сот материалдарына сүйенсек, ол өз сыбайластарымен бірге бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын қалтаға басыпты. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот залындағы оқылған деректерге сай, Ерболат Оңғарбек шаруаларға берілетін арзан несиенің бір бөлігін өзі иемденіп келген. Кейін несиені өзі рәсімдеудің амалын тауыпты. Осылайша өз серіктерімен бірге Оралмен шектелмей, Атырау мен Маңғыстау облыстарында да жымысқы әрекет еткен. Олар шаруаларға көмек ретінде ашылған бірнеше мемлекеттік бағдарламаны сауын сиырға айналдырыпты.

Е. Карин