Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада тәжірибелі автобус жүргізушілері жұмыс таппай жүр

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2022
  • 1261

Елордада автобус жүргізгендер, автопаркке қайта жұмысқа орналаса алмай жүр. Арнамызға хабарласқандар осылай деп шағымданды.

Олар жұмысқа алмаудың себебін біле алар емес. Мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін жауапты мекемеге хабарластық. Жауабын білдік. Жұмыссыз жүрген тәжірибиелі автобус жүргізушілерінің ендігі амалы қандай? Тілшіміз тарқатады.

Елордалық Тілеухан Дүйсенбаев қоғамдық көлік жүргізуден тәжірбиесі бар маман. Отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Кейін қайтып оралғысы келгенімен, №1 автопарк жұмысқа қабылдамай отырғанын айтты.

Тілеухан ДҮЙСЕНБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің денсаулығымда бәрі жетеді. Жүргізуші куәлігімде, категориямда, еңбек өтілім бәрі жетіп тұр. Бір кісілердің айтуымен бас тартты баста. Бірақ маған қарап тұрды да, енді өздерінің айтуына қарағанда "к сожалению отказ" деді. Сосын себебін сұрап едік "не могу сказать" деді.


Нұрхат Жаңабаев та, бұл автопаркте автобус жүргізушісі болып 15 жыл табан аудармай жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты жұмыстан шығуыма мәжбүр болдым дейді. Күнкөрістің қамымен қайтып келгісі бар. Алайда жұмысқа алмай отырған көрінеді.

Нұрхат ЖАҢАБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өз еркіммен жұмыстан шығып кеткем, стажым 15-жылдан аса стажым бар. Денсаулық себебімен мен 1-2 айға жұмыстан шығып кеткем, емделемін анау мынау деп. Енді қайтадан жұмысқа кірейін десем жұмысқа алмай жатыр.


Жұмысқа неге қабылдамай жатқанын білгісі келгендер мұнымен бітпейді. Жауапты мекеменің жауабын естуші үшін бізде төрағаға хабарластық .Оның айтуынша, шағымданушылардың да жұмысқа алмаудың өзіндік себептері бар дейді.

"№1 АВТОБУС ПАРКІ" АҚ:
 
Аты аталған азаматтардың бір емес, бірнеше құқықбұзушылық жасаған. Олар өз еркімен жұмыстан босатылды.  Атап айтқанда, жол үстінде құлаққап тағу, жолаушылармен сөзге келісу сынды ережелер бұзылған. Сондай-ақ, жұмысқа шықпай қалу фактілері де болған. Жол апатын жасаған азаматтарда бар, сондықтан оларды біздің комиссия жұмысқа қабылдамады.

Автопарктің берген жауабы осы болды. Бұған дейін, жауапты маман иелері кадр жетіспеушілігі туралы айтып дабыл қаққан болатын. Бірақ тәжірибе болса да, жұмыс жоқ. Ал, халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еңбек инспекциясына шағым қалдыруға кеңес береді.

Ә. Дүкембаева