Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстандағы балалар жылының өткізілу деңгейі төмен" - "AMANAT" партиясының мүшелері

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2022
  • 994

Елордада 12 жасар бала ешқашан мектеп табалдырығын аттамаған. Тұрмысы төмен отбасыны депутаттар анықтапты. Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Динара Зәкиеваның айтуынша, ұл бала ерекше білімге мұқтаж. Бірақ оның ата-анасы дәрігерлерге мүлдем жүгінбеген. Сондықтан баланың нақты диагнозы белгісіз. Өкініштісі, мұндай жағдай елімізде аз емес.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Өңірлерді аралағанда ешқандай бағдарламаны білмейтін, көмекке мұқтаж 200-ден астам отбасыны анықтадық. Құжаттары жоқ. Жұмысқа тұрмаған. Олар тіпті  мемлекеттік көмектің базалық көлеміне қол жеткізе алмайды. 10-13 жасар балалары ешқашан мектепке бармаған отбасылар бар. Ауру балалары туғаннан тексерілмеген,  ем алмағандары да жетерлік.

Биыл елімізде - балалар жылы.  Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 48 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Құжатта 50 тармақ бар. Алайда мәжілісмендер оның басым бөлігін қайта қарау керек дейді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әр психолог өзінің біліктілігінің аясында неше түрлі тесттер дайындап келді. Содан әрине ол біліктілігіне байланысты ата-аналар тарапынан наразылық туындатып отыр. Ең басты проблемалардың бірі - Қазақстанда ол суицид мәселесі. Бұл жерде де меніңше психологиялық-педагогикалық жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмеуі деп есептейміз.


А. Съезбек