Бас қаланың студенттеріне жұмысқа орналасудың ерекше тәсілі ұсынылды. Еуразиялық Ұлттық университетінде іскерлік ойын форматындағы кездесу өтті. Айрықша ойынға жуырда дипломға қол жеткізгелі тұрған болашақ мамандар мен жұмыс берушілер қатысты. Тараптар ойдан шығарылған кәсіпорынның банкроттық жағдайын көрсетіп, мәселені шешуге тырысты. Студенттер мемлекеттік мекемелер, «АМАNАТ» партиясы, Тұңғыш Президент қоры және басқа да ұйым өкілдерінің алдында өз білімдерін көрсетті.
Ботагөз САПАРОВА, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:
Өте маңызды, қызықты сәт - олар өздеріне сәйкес қызметкерлерді іздеуде. Олар бірден сұрақтар қояды, ұнаған мамандарды өздеріне түртіп алады, сұхбатқа, тәжірибеге, тағылымдамадан өтуге шақырады. Негізінде, олардың көпшілігі осындай алаңдардан жұмыс табады.
Л. Қуанышқызы